Маңғыстау облысындағы Құрық портында қуаттылығы жылына 1 млн тонна астық өндіретін жаңа астық терминалы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда порт аумағындағы «Kaspi Grain Way» жеке компаниясының астық терминалы Қазақстанның түкпір-түкпірінен астық дақылдарын қабылдауға дайын, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.