Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда елімізде «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы іске асырылуда, оның ішінде Ақтөбе облысында «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып шағын жинақталған ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту», Алматы облысында «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім беру сапасын арттыру», Маңғыстау облысында «Отпан» тірек мектептерінің желісін дамыту», Ұлытау облысында «Ustaz Ulytau» сияқты өңірлік бастамалар қамтылған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.