Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жол құрылысы саласында кешенді талдау жүргізді. Оның нәтижелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жылдық алқасында қаралды. Жоспарлаудан бастап қаражатты игеру мен жұмыстарды қабылдауға дейінгі барлық процестерде 1,2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.