Саран қаласы индустриялық аймақты дамытудың арқасында жаңа деңгейге көтерілді. Мұнда бұрын-соңды болмаған өндірістер пайда болды. Мысалы, жақын арада тоңазытқыштар шығарыла бастайды. Ыстық мырыштау зауытын ашу жоспарланып отыр. Сәйкесінше, кадрларға деген сұраныс артты, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.