Үкіметте энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыру бойынша баспасөз конференциясы өтті. Оған Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов, энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин, табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.