Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтіп жатыр. Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ауқымды іс-шара ҚР Оқу-ағарту министрлігімен ұйымдастырылды. Фестивальде сұранысқа ие мамандықтармен танысып қана қоймай, құтқарушы, машинист, құрылысшы ретінде өзіңізді сынап көруге болады.