Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жолдап отыр. Ауғанстанның Балх провинциясындағы Хайратон станциясында гуманитарлық жүк ауған тарапына берілді. Темір жолмен жеткізілген жүктің жалпы көлемі 2,2 мың тонна. Бұлар өсімдік майы, бидай ұны, күріш жармасы, қысқы және жазғы шатырлар, көрпелер. Зәру дәрілік заттар бар гуманитарлық көмектің бір бөлігі әуе көлігімен жіберілмек, деп хабарлайды Primeminister.kz.