«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 21-26 сәуір аралығында елімізде ауқымды іс-шаралар өтеді. Тақырыптық апта Астанада еріктілердің, белсенділердің, стартаперлердің, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатысуымен «Таза Қазақстан» бастамасын іске асырудың бірінші жылының қорытындыларына арналған республикалық экофестивальден басталады, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.