Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов негізгі көрсеткіштер туралы баяндады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 59 млрд текше метрге жетті, 2025 жылға арналған өндіру жоспары 62,8 млрд текше метрді құрайды, деп хабарлайды Primeminister.kz.