Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында үйлесімді, әділетті әрі тұрақты қоғам құрудың негізі ретінде заң мен тәртіптің маңыздылығын атап өтті. Осыған орай, Үкімет «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын әзірледі, оның шеңберінде құқық бұзушылыққа жедел ден қоюға ғана емес, алдын алу шаралары мен азаматтардың құқықтық сауаттылығының арттыруға баса назар аударылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.