Қарағанды облысында ормандарды қалпына келтіріп қана қоймай, көшет материалдары да өсіріледі. Биыл ағаштар мен бұталардың түр құрамын кеңейтіп, қайың, долана және итмұрын тұқымдары егілмек. Сондай-ақ, тамыр жүйесі жабық қарағай көшеттерін өсіру кешенін құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі.