Кәсіпкерлікті қолдау, негізгі ұлттық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін «Бәйтерек» холдингі 8 трлн теңге бөледі. Ол биыл елімізде ЖІӨ-нің нақты өсуіне қосымша 1,3% үлес қосады. Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Қазақстан экономикасының өсуін қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында «Бәйтерек» холдингінің негізгі экономикалық көрсеткіштері мен инвестициялық жобалары қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.