Қазақстанның Минералдық ресурстардың Бірыңғай платформасын minerals.e-qazyna.kz ресми түрде іске қосуы – елдің тұрақты болашағына жасалған маңызды қадам. Бұл инновациялық цифрлық платформа мемлекеттік қызметтердің цифрландыру стратегиясының, Мемлекет басшысы ұсынған бастаманың бір бөлігі, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланудағы ашықтықты, тиімділікті және инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.