Степногорск қаласында 1000 орындық жалпы білім беретін мектеп пен көпфункционалды спорт кешені бой көтермек. Қала әкімдігі мен «АК Алтыналмас» акционерлік қоғамы арасында осы әлеуметтік маңызы зор екі нысанды салу жөніндегі меморандум жасалды, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.