Елордада Астана халықаралық форумы (AIF) жұмысын бастады. Форумның тақырыбы – «Connecting minds, shaping the future». Форум Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткізілетін жалпы отырыстан басталады. АХФ экономикаға, климатқа және мемлекетаралық қатынастарға назар аудара отырып, жаһандық өзгерістер жағдайында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.