Қазақстанда өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған стратегиясының аясында шағын өнеркәсіптік аймақтарды (ШӨА) құру бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Бұл – шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа құралы, кәсіпкерлерге дайын өндірістік ғимараттарды жеңілдетілген жалдау шарттарымен ұсынуға негізделген. ШӨА нысандары қажетті инженерлік желілермен және көлікке ыңғайлы инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдайлар жаңа жобаларды іске қосудағы кедергілерді азайтып, болашақта кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Қазақстанда шағын өнеркәсіптік аймақтар іске қосылады
Тегтер:
сот төрелігі