2025 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің электр және жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған 75 ірі жобаны жүзеге асыру үшін 210 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Ауқымды бағдарламаның мақсаты – маңызды инфрақұрылымның тозуын айтарлықтай төмендету және миллиондаған қазақстандықтарды жылу және электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.