Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда аналар, перинаталдық, неонаталдық және балалар өлімін төмендету бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанның осы бағыттағы орнықты даму мақсаттарына мерзімінен бұрын қол жеткізгенін мойындады. Жалпы, елімізде соңғы үш жылда халықтың 1,3 млн-ға өсуі байқалады. Соңғы 10 жылда балалар саны 34%-ға 5 млн-нан 6,8 млн-ға дейін өсті. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директоры Мағрипа Ембергенова мәлімдеді.