Тамақтану – баланың денсаулығы мен дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Дұрыс емес диета ағзаға, әсіресе, ерте жаста қатты теріс әсер етуі мүмкін. Дұрыс тамақтану бірнеше негізгі принципті ұстануды қамтиды: жеткілікті калория, ақуыз, май және көмірсулардың теңдестірілген қатынасы және витаминдер мен минералдардың қажетті деңгейі. БҰҰ Балалар қоры өкілдігінің Денсаулық сақтау және тамақтану бағдарламаларының үйлестірушісі Бауыржан Жүсіпов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында балалық шақта салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастырудың маңыздылығы туралы баяндады.