Бас прокуратура Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасында жариялаған «Заң және Тәртіп» апталығына орайластырылған Ашық есік күнін өткізді. Іс-шара құқықтық мемлекетті нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бастамасының бір бөлігі болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.