Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар облысында инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын азайту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Үкімет резервінен Павлодар және Екібастұз қалаларының жылу желілерін жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 3,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.