Елордада ҚР Туризм және спорт министрлігі мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Тараптар бұқаралық спортты қолжетімді ету, саламатты өмір салтын насихаттау және өңірлер мен ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымдарын дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.