Ағымдағы жылдың 1 маусымында басталған Президенттік жастар кадр резервіне төртінші іріктеуге еліміздің жас мамандары жоғары қызығушылық танытты. Бір айда жобаның pkrezerv.gov.kz ресми сайтында 31 859 адам тіркеліп, оның ішінде 7 436 кандидат іріктеудің келесі кезеңіне жолданды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.