Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ItByDesign компаниясының IT-мамандарының командасымен бірлесіп LegalExpert.kz атты еліміздегі алғашқы тегін заңгерлік онлайн-сервисті іске қосты. Жасанды интеллект базасындағы жүйе құқықтық мәселелерді нақты уақыт режимінде шешуге көмектеседі: жұмыс берушімен болған әдеттегі проблемалардан бастап, азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық құқық саласындағы неғұрлым күрделі жағдайларға дейін, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.