Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Оған ішкі істер министрі Ержан Сәденов, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, сондай-ақ облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, Бас прокуратура, ҰҚК және Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.