Мамыр айында, оқу жылының аяқталуына орай, №96 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімдері 10 «А» және 4 «А» сынып оқушыларымен бірлесіп экологиялық жобаны қолға алды. Ауқымды «Таза Қазақстан» экожобасы аясында мектеп аумағында жүгері мен күнбағыс егуге арналған тәжірибелік алаң жасалды. Бұл – жоғары сынып пен бастауыш сынып оқушыларының бірлескен зерттеу және тәжірибелік жұмысының үлгісі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.