Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жиын өткізді. Онда Президент белгілеген негізгі тоғыз бағыт қарастырылды. Олардың қатарында экономиканың нақты секторына, мемлекеттік басқаруға, денсаулық сақтау салаларына ЖИ енгізу, Жасанды интеллект және цифрлық трансформация стратегиясын әзірлеу, мемлекеттік қызметтерді және өтініштермен жұмыс істеу процестерін дамыту, ІТ-архитектураны, QazTech ұлттық платформасын жаңғырту, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, отандық IT стартаптарды қолдау және Smart сity-ді дамыту мәселелері бар, деп хабарлайды Primeminister.kz.