Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған сәттен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында еліміздің 10 облысында коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған мекемелер құрылды. Бүгінде олардың балансына 872 нысан қабылданды, 283 арнайы техника берілді, 1 197 маман жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.