Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда «Құзыреттілік орталықтары» пилоттық жобасы іске қосылды. Олар озық педагогикалық тәжірибені енгізу, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және ата-аналар, педагогтер мен мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту алаңына айналды. Бүгінде Қазақстанда 330 Құзыреттілік орталығы жұмыс істейді, оның 180-і қалаларда, 150-і ауылдық жерлерде орналасқан, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.