Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Онда энергетика министрі Ерлан Ақкенженов энергия көздері мен жылу желілерінің дайындығы және көмірмен қамтамасыз ету туралы, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев әлеуметтік сала нысандарын, тұрғын үй қоры мен инженерлік инфрақұрылымның дайындығы туралы баяндама жасады. Бірқатар өңір әкімдері тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.