«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға арналған кешенді бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда. Жыл соңына дейін 3 мыңнан астам педагог онлайн-оқытудан өтеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.