2025 жылғы 15-20 қыркүйек аралығында еліміздің барлық мектептерінде «Мектеп пен отбасы: тәрбиелі әрі жауапты тұлғаны қалыптастырудағы ынтымақтастық» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылады. Бұл іс-шаралар «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.