2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекет меншігіне 13,7 млн гектар жер қайтарылды. Оның ішінде 6,2 млн гектары қайта бөлінді. 2,1 млн гектар жер елді мекендерге жақын орналасқандықтан, ауыл тұрғындарының мал жаюына ортақ пайдалануға берілсе, қалған 4,1 млн-ы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер арасында конкурс арқылы бөлінді. Сонымен қатар жер пайдаланушылар өздеріне тиесілі 4 млн гектар жерді игеруге кірісті. Бұл туралы вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жер ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі республикалық комиссия отырысында айтылды, деп хабаралйды Primeminister.kz.