Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру аясында Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі жанында Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығы ашылды. Орталықтың құрылуы – қазіргі заманғы демографиялық сын-қатерлерге дер кезінде берілген жауап әрі ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастырудағы маңызды қадам. Динамикасы жоғары өзгерістер жағдайында ол демографиялық үрдістерді терең зерделеп, мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеуге ықпал ететін негізгі алаңға айналады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.