Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында «Құзыреттерді бағалау» кезеңінің «Ассессмент-орталық» бірінші блогынан өткен тұлғалардың тізімі жарияланды. Ассессмент-орталық а.ж. 22-26 тамыз аралығында өтті. Аталған құзыреттерді бағалаудың блогы нақты жұмыс жағдайларына жақын құрылымдық тапсырмалар сериясы болып табылады. Бұл формат кандидаттардың құзыреттердің деңгейін, соның ішінде олардың аналитикалық ойлауын, коммуникативтік қасиеттерін, көшбасшылық қабілеттерін және топта жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.