Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында «Құзыреттерді бағалау» кезеңінің «Құзыреттер бойынша сұхбат» екінші блогынан өткен тұлғалардың тізімі жарияланды. Құзыреттер бойынша сұхбат биыл 23-28 қыркүйек аралығында онлайн-режимде кәсіби HR-сарапшыларды тарта отырып, жеке тереңдетілген сұхбат форматында өтті. Құзыреттер бойынша сұхбатқа 200 кандидат қатысты, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.