8-10 қазан аралығында Қазақстанда ауыл мектептерінің 9-11(12)-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі өтуде. Олимпиаданың басты мақсаты – ауыл мектептерінің оқушылары үшін тең мүмкіндік қалыптастыру, дарынды әрі академиялық қабілеті жоғары балаларды қолдау және олардың зияткерлік әрі кәсіби дамуына жағдай жасау, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.