ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев бастаған қазақстандық делегация Қатар Мемлекетінің астанасы Доха қаласында өткен Әлеуметтік даму жөніндегі екінші дүниежүзілік саммитке қатысты. Іс-шараға жоғары деңгейдегі 180 өкіл, оның ішінде мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, министрлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Саммит жұмысына академиялық және іскер топтар, үкіметтік емес ұйымдар да қосылды. Саммиттің басты мақсаты – жаһандық әлеуметтік мәселелерді шешу, сондай-ақ әлеуметтік орнықтылық шараларын нығайту, инклюзивті экономикалық өсуді қамтамасыз ету және БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі стратегияларды талқылау және әзірлеу, деп хабарлайды Primeminister.kz.