Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі жобалық кеңсенің отырысы өтті. Қараша айынан бастап meks.zakup.sk.kz электронды сатып алу платформасы іске қосылды. Бұл жүйеде Ұлттық жобаға қатысушы барлық коммуналдық кәсіпорындар тіркелген, деп хабарлайды Primeminister.kz.