Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар басшыларының, сарапшылар мен урбанистердің қатысуымен Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысының халықаралық іскерлік белсенділік, инновациялар және технологиялар орталығын құру бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға баса назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.