ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамырат Гелдимырадовпен кездесті. Вице-премьер Түркіменстан Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды әріптесі екенін атап өтті. Соңғы бес жылда екі ел арасындағы тауар айналымы төрт есе өскен, ал соңғы екі жылдағы өзара сауда тұрақты түрде $500 млн-нан асып тұр. Мемлекет басшылары алға қойған тауар айналымын $1 млрд-қа дейін жеткізу мақсатын ортамерзімді перспективада еркін орындауға болады, деп хабарлайды Primeminister.kz.