Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен (МҚҰ) ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Дүниежүзілік банктің (ДБ), Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК), Азия даму банкінің (АДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ), Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ), Ислам даму банкінің (ИДБ) өкілдері қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесіне Премьер-министр басшылық етті. Кеңес құрамына сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ерболат Досаев, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев енді, деп хабарлайды Primeminister.kz.