Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік-транзит саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, қаржы министрі Мәди Такиев, жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов және «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.