Ағымдағы жылы елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар кешенді шешімдер қабылданды. Балалардың мүддесін қорғауға бағытталған түбегейлі өзгерістердің қатарында – Мемлекет басшысы қол қойған жаңа заңның қабылдануын атап өтуге болады. Аталған заң 2026 жылғы 4 ақпанда өз күшіне енеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.