Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселесі қаралды. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.