2025 жылы Қазақстан автомобиль өнеркәсібінде сала тарихындағы ең жақсы көрсеткіштер тіркелді. «Қазақстан автомобиль одағы» мәліметтері бойынша, елде барлық типтегі 171 144 бірлік автокөлік құралы шығарылды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 17,8%-ға артық. Жалпы өндіріс 2,3 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.