2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 595,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: шамамен 440 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 9,8 мың – ымдау тілі қызметін, 26,5 мың – жеке көмекшінің, 119,3 мың – шипажайлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.