Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың 5-ші отырысында сөйлеген сөзінің қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді. Онда жаңа Салық кодексінің нормаларын жетілдіру, ЖИ енгізу және цифрландыру, энергетика мен мұнай-газ, көлік пен логистика, сауда, су ресурстары саласын, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытуды қоса алғанда, басым бағыттарға назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.