Ақтөбеде ерекше қажеттіліктері бар спортшыларды жүйелі түрде дайындауға арналған «Қуат» заманауи инклюзивті спорт кешені пайдалануға берілді. Спорт нысаны Мемлекет басшысының қолжетімді спорт инфрақұрылымын қалыптастыру және ерекше қажеттілігі бар азаматтардың спортпен тұрақты түрде шұғылдану мүмкіндігін кеңейту жөніндегі тапсырмаларын іске асырудың бір бөлігі, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.