Қызылорда облысының Арал ауданында көпбейінді аудандық орталық ауруханада 25 төсек-орындық инфекциялық бөлімше ашылды. Жаңа бөлімше жіті инфекциялық аурулар кезінде ересектер мен балаларға жедел медициналық көмек көрсетуге, ерте анықтау және емдеуді бастау арқылы аурудың асқынуы мен ауыр ағымының қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Инфекциялық бөлімшенің құрылысы 2,3 млрд теңге сомаға қайтарылған активтердің есебінен қаржыландырылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Қызылорда облысының аудандық ауруханасында қайтарылған активтер есебінен инфекциялық бөлімше салынды
Тегтер:
денсаулық сақтау